Хабарландыру

Құрметті «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ келушілері! Табиғатты аялайтын ардақтылар!

Еңбекшіқазақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу және қар көшкінінің алдын алу мақсатында жолдаған хатына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жүргізу ушін, қар көшкіні ошақтарын ескере отырып, адамдардың өміріне қауіп төндірмеу мақсатында облыстық маңызы бар жолдар: «Түрген-Батан-Обсерватория» 19-41 шақырымдары, «Есік көліне кіре беріс» 7-15 шақырымдары жабылуына байланысты:
2023 жылдың қараша айының 8-і мен 2024 жылдың мамыр айының 1-іне дейін Есік қаласы – Есік көлі автокөлік жолының және «Түрген-Обсерватория» автокөлік жолының бақылау-өткізу бекеттерінен демалушылар мен автокөліктердің қауіпті аймақтарға өтуіне шектеу қойылғандығын хабарлаймыз.