«Halyk Орманы»

10 қазанда Іле-Алатау ұлттық паркінде Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының 10 жылдығына орай «Halyk Орманы» жобасының күзгі ағаш отырғызу акциясы өтті.

Шараға 500-ге жуық адам қатысып, 9 мыңға жуық шырша көшетін отырғызды. Олардың қатарында Halyk Bank қызметкерлері, AITU, ҚБТУ, КИПРОС, NNEF өкілдері, серіктестер мен еріктілер болды.

Биыл жобаның серіктестері қатарына ЕВРОБАК пен FlyArystan-нан бөлек, Нұрлан Қаппаров атындағы қор мен «РУССКО» қоры қосылды.

Бүгінге дейін 25 мыңнан астам адам Halyk және Kaspi қосымшалары арқылы жобаға қаржылай қолдау көрсетті.

10 жылда жүздеген игі жобаны жүзеге асырған Halyk қоры табиғатты қорғау ісіне де үлес қосып келеді.