Халықаралық орнитологиялық зерттеу

Үлкен Алматы шатқалында халықаралық орнитологиялық зерттеу жүргізілді

Үлкен Алматы шатқалында Қазақстан мен Германия ғалымдарының қатысуымен сайрауық құстардың көші-қон бағыттарын зерттеуге арналған халықаралық ғылыми экспедиция өтті.

Зерттеу барысында 50-ден астам құс түрі тіркеліп, 11 түрге жататын 38 дарақ сақиналанды. Қаратөс бұлбұл мен қараалқым сайрауыққа 27 логгер орнатылды. Сонымен қатар сирек кездесетін көкқұс пен құмай тіркелді.

Жиналған ғылыми деректер құстардың көші-қон бағыттарын, мекендеу және ұялау аумақтарын зерттеуге, сондай-ақ ұлттық парктің биоалуантүрлілігін сақтау шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді.