Іле-Алатау ұлттық паркінде үнді жайрасы фототұзаққа түсті

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін үнді жайрасы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында фототұзақ көмегімен кезекті рет тіркелді.

Үнді жайрасы — Қазақстан үшін өте сирек кездесетін жануар түрі. Бұл дерек аталған сирек түрдің ареалында тұрақты түрде тіршілік етіп жатқанын көрсетеді, сондай-ақ ғалымдарға оның саны мен белсенділігін зерттеуге мүмкіндік береді.