Іле-Алатауы мемлекеттік табиғи паркінде Қызыл кітапқа енген жыртқыштар бір соқпақта байқалды

Іле-Алатауы мемлекеттік табиғи паркінде Қызыл кітапқа енген жыртқыштар бір соқпақта байқалды

📹 Парк аумағындағы тұрақты мониторинг алаңында орнатылған фототұзаққа бір соқпақ бойында бір мезетте үш жыртқыш аң – қар барысы (Uncia uncia), Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) және Тяньшань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) түсірілді.

🔺Барлық аталған жануарлар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

🐾 Биылғы жылы фототұзақ деректері қар барысының әдеттегіден ертерек төмен түскенін көрсетті. Жануар шамамен 2000 метр биіктіктегі орман белдеуінен байқалып, өз аймағын белгілеу әрекеттерін фототұзақ кадрларынан анық байқауға мүмкіндік берді.

🌱 Сол аумақта Түркістан сілеусіні де тіркелді. Ұлттық парк аумағында қазіргі таңда бұл түрдің шамамен 178 дарағы есепке алынған.

🐰 Фототұзақ бейнелерінде сілеусіннің қоректік тізбегінде негізгі орын алатын құм қоян (Lepus tolai) да байқалды. Бұл деректер экожүйеде табиғи тепе-теңдік сақталып отырғанын дәлелдейді.

🐻 Жаз айларында дәл осы бақылау нүктесінде Тяньшань қоңыр аюының фототұзаққа түсуі тіркелген.

🌳 Мұндай материалдар Іле-Алатау табиғи кешенінің жыртқыш аңдарға қолайлы мекен екенін және экожүйенің тұрақтылығын көрсетеді.
Ұлттық парк қызметкерлері сирек кездесетін аңдарды жүйелі түрде бақылап, олардың мекен ету ортасын қорғау, популяциясын сақтау бағытында тұрақты жұмыстар жүргізуде.

🌿 Фототұзақ кадрлары – Іле-Алатау табиғатының бай биоалуантүрлілігін дәлелдейтін құнды дерек.

#ІлеАлатау #ҚызылКітап #ҚарБарысы #Сілеусін #ТяньшаньАюы #ҚұмҚоян #Фототұзақ #Биоалуантүрлілік#ТабиғаттыҚорғау #WildlifeKazakhstan