Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі KITF 2025 халықаралық туристік көрмесіне қатысты

2025 жылғы 23–25 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі — KITF 2025 алаңында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өзінің туристік әлеуетін таныстырды.

Көрме аясында ұлттық парктің экологиялық туризм бағыттары, бірегей табиғи аймақтары, жаяу бағыттар мен инфрақұрылымдық нысандары туралы кең ақпарат ұсынылды. Іле-Алатауының жеке стенді шетелдік және отандық туристік агенттіктер мен қонақтардың ерекше қызығушылығына ие болды.

Көрме – тәжірибе алмасуға, серіктестік орнатуға және ұлттық парктің имиджін халықаралық деңгейде ілгерілетуге тамаша мүмкіндік болды.