Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері мен мектеп орманшылығы оқушыларының қатысуымен өткен экологиялық-танымдық іс-шара.

2025 жылдың 1 маусымында Балаларды қорғау күні мен Қоршаған ортаны қорғау күніне орай Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлері мектеп орманшылығының оқушылары бірлесіп, ауқымды іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қорғауға қоғам назарын аудару болды.
Шара барысында: Балалар мен ұстаздар үшін қызықты әрі тартысты спорттық ойындар өткізілді. Көңілді әрі әсерлі мерекелік концерт ұйымдастырылып, балалар өнерлерін ортаға салды. Мерекелік көңіл-күйді көтеру мақсатында құттықтаулар айтылды.
Іс-шараға жалпы саны 350 ден астам адам қатысты. Оның ішінде оқушылар, парк қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Мұндай іс-шаралар жас буынның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және оларды белсенді өмірлік ұстанымға баулуға зор ықпал етеді.