«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталды.

«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 11 мамырына дейін өтетін “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акция басталды.
Ауқымды бұл науқан бес аптаға созылады. Акция аясында ұлттық парктің барлық аумағын тазарту, ағаштар отырғызу және ауқымды сенбіліктер өткізу жоспарланған.
Қатысушылар легін ұлттық парктің қызметкерлері, қоғам белсенділері, мектеп орманшылықтарының оқушылары, еріктілер құрайды.