«Парктер шеруі – 2025» және «Таза Қазақстан» табиғатты қорғау акциялары аясында Талғар ауданының №18 жалпы орта білім беретін мектебінде кең ауқымды экологиялық-тәлімдік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында:
Оқушылар мен ұстаздар құстарға арнап ұялар іліп, қарағай мен аққайың көшеттерін отырғызды;
Жанды дауыста әндер шырқалып, оқушылар дайындаған би және көркем қойылымдар көрермен көңілінен шықты;
Табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті насихаттаған бұл шараға Іле–Алатауы ұлттық паркінің қызметкерлері мен Талғар филиалы белсенді түрде атсалысты.
Барлығы 120 оқушы мен 12 мұғалім қатысып, табиғатпен етене араласқан ұмытылмас күн болды!