Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Жасыл даму» мекемесімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында парк аумағындағы демалушыларға экологиялық пакеттер таратты. Бұл бастама келушілердің экологиялық мәдениетін арттыру және қоқысты табиғатта тастамауға шақыру мақсатында ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы халқының экологиялық мәдениеті мен экологиялық санасының деңгейін көтеру және қоршаған ортамен қарым-қатынаста оң мінез-құлық үлгісін қалыптастыру үшін жағдай жасау. Бұл мақсатқа келушілердің табиғи парктерге деген жаңа қатынас тұжырымдамасын – «таза туризмді» қалыптастыру, іске асыру және насихаттау арқылы қол жеткізу көзделеді.