Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 ақпандағы қаулысымен құрылған, еліміздегі аса маңызды экологиялық аймақтардың бірі. Парктің басты мақсаты – табиғи экожүйелерді, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды сақтау, биологиялық әртүрлілікті қорғау, ғылыми- зерттеу, экологиялық ағарту және тұрақты экотуризмді дамыту. Ұлттық парктің жалпы аумағы – 200 160 гектар. Ол Алматы қаласының оңтүстігінде, Іле-Алатауының (Тянь-Шань) солтүстік беткейінде орналасқан. Парктің аумағы батыстағы Шамалған өзенінен шығыстағы Түрген өзеніне дейін 120 шақырымға созылып жатыр, ені – 30–35 шақырым. Ұлттық парктің құрамына 4 филиал кіреді: • Ақсай филиалы – 57 839 га, • Медеу филиалы – 41 075 га, • Талғар филиалы – 26 652 га, • Тұрген филиалы – 74 594 га. Сондай-ақ парктің құрамына Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы да кіреді, оның аумағы – 542 400 гектар. Ұлттық парк құрамына кіретін бұл кешен қорғалатын аумақтың ауқымын кеңейтеді, онда қатаң табиғатты қорғау режимі сақталады.
Парктің аумағында 2000-ға жуық өсімдік түрі бар, оның ішінде 37-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Жануарлар әлемі де ерекше бай: • 47 сүтқоректі жануар мекендейді, оның 5 түрі Қызыл кітапқа енген;атап айтсақ қар барысы,тянь-шань қоңыр аюы,түркістан сілеусіні,тас сусары,үнді жайрасы. • 198 құс түрі тіркелген, оның 11-і қорғалған түрлер қатарында; • Сонымен қатар, 5000-нан астам омыртқасыз жануарлар түрі бар. 2025 жылы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Орманды қалпына келтіру және молықтыру: • 42 гектар аумақта 140,1 мың дана ағаш көшеті отырғызылды. • Тұқымбақтарда 0,62 гектар жерге орман тұқымдары себілді. • Орманды күтіп-баптау жұмыстары 256 гектар аумақта жүргізілді. o 2025 жылғы тұқым жинау жоспары – 600 кг, оның ішінде:( шырша – 100 кг,өрік – 380 кг ,алма – 120 кг) o Орманды қорғау және сауықтыру: • 8000 гектар аумақта орман-патологиялық зерттеу жүргізілді, зиянкестер мен аурулар мен зақымдалған 5870 га. • Зиянкестерге қарсы 2629,5 гектар аумақта авиациялық-химиялық өңдеу жүргізілді