«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» Ілбістің фотоқақпанға түсуі

2023 жылдың желтоқсан айында «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» Ақсай филиалында Аңтанушы Жазылбек Кенже және инспекторлар Ілбісті есепке алу және мониторингілеу үшін фотоқақпандар орнатты. Фотоқақпандар өткелдерде, Ілбістің соқпақтарында орнатылды!

Ағымдағы жылдың ақпан айында Фотоқақпандар жиналды. Алынған деректерді мамандар талдап, өңдеді. Бұл деректер жабайы аңдардың көші-қон жолдарын және таралу орындарын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.