«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» филиалдарында өрт маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, 2024 жылғы 12-16 ақпан аралығында Алматы қаласы №1 «өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ базасын ұйымдастырылған «орман өртін сөндіру тәсілі» оқуына Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиал директор орынбасарлары қатысты.
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалдарында өрт маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде, өртке қарсы құрал-саймандар толықтырылуда.