Үлкен Алматы орманшылығында «Парктер шеруі» және «Таза Қазақстан» экологиялық табиғат қорғау акциялары аясында ауқымды шара ұйымдастырылды. Бұл акцияға балалар үйінің тәрбиеленушілері, мектеп орманшылығының оқушылары, «Самғау» қорының өкілдері және ұлттық парк қызметкерлері белсене қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты сіңіру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру. Қатысушылар ұлттық парк аумағын тазалап, ағаштар отырғызып, табиғатты қорғау туралы танымдық дәрістер тыңдады.
Мұндай акциялар табиғатқа жанашыр болуға тәрбиелеп қана қоймай, қоғамды экологиялық мәдениетке баулуға зор үлес қосады. Акцияға барлығы 200 адам қатысып табиғатқа деген қамқорлықтарын көрсетті.