Іле-Алатауы МҰТП-де өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстары жалғасуда

Іле-Алатауы МҰТП-де өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстары жалғасуда
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрт қауіпті маусым аясында орман өрттерінің алдын алу және табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Өрт сөндіру техникасы мен жабдықтары толық дайындыққа келтіріліп, жаңа II үлгідегі орман өрт сөндіру станциясы пайдалануға берілді. 32 адамнан тұратын өрт сөндіру жасағы құрылып, қажетті жанар-жағармай қоры жасақталды.

Ұлттық парк аумағында 15 бейнебақылау камерасы орнатылып, мемлекеттік орман қоры тәулік бойы бақылауға алынған. Сонымен қатар профилактикалық түсіндіру жұмыстары, рейдтік іс-шаралар және өртке қарсы оқу-жаттығулар тұрақты түрде өткізілуде.

Қабылданып жатқан шаралар орман өрттерінің алдын алуға, табиғи экожүйелерді сақтауға және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.