Іле-Алатауы МҰТП нің жер пайдаланушылары туралы ақпарат

Іле-Алатауы МҰТП-де осыған дейін жер учаскелерін ұзақ және қысқа мерзімді пайдаланудың барлығы -169 шарты болған (оның ішінде 126-ұзақ мерзімді, 43-қысқа мерзімді).
Қазіргі уақытта жер пайдаланушылар саны -106 бірлікке дейін қысқарды (84 -ұзақ мерзімді және 22 -қысқа мерзімді).
Осыған дейін барлығы 63 жер пайдаланушымен шарт бұзылып жер телімдері ұлттық паркіне қайтарылды.
Қазіргі таңда сотқа 7 талап арыз дайындалуда.
Мысалыға, МҰТП-мен 2023 жылда «КИПРОС» ЖШС-ға қарасты сотқа шарт бұзу туралы талап арыз беріліп, сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. Қазіргі таңда аталған сот шешімі апелляциялық сот сатысында қарастырылуда.