Іле-Алатауы ұлттық паркінің бас директоры филиалдардың қызметімен танысты.

Іле-Алатауы ұлттық паркінің бас директоры Ахметов Елнұр Мұхамеджанұлы Медеу, Талғар, Түрген және Ақсай филиалдарының қызметімен танысып, олардың инфрақұрылымы, экологиялық ахуалы, орман шаруашылығы және туризмді дамыту бағытындағы жұмыстарын бағалады.

Сапар барысында филиал қызметкерлерімен кездесіп, қоршаған ортаны қорғау, орманды қалпына келтіру, экотуризмді дамыту және орман шаруашылығын жетілдіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ұлттық парк аумағындағы қауіпсіздік шаралары, келушілерге жасалған жағдайлар және туристік инфрақұрылымды дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Бас директор филиалдардың жұмысына оң бағасын беріп, ұлттық парктің экологиялық тұрақтылығын сақтау, орман шаруашылығын тиімді жүргізу және туризмді үйлесімді дамыту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, қызметкерлермен жеке сұхбаттасу барысында ұлттық парктің алдағы даму стратегиясына, оның ішінде орманды қорғау, экожүйені сақтау және туристік қызметтердің сапасын арттыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.