Іле-Алатауы ұлттық паркінің таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі жоғары болып тұр.

Ұлттық парк мамандары демалушылар мен туристерге келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
• Қар көшкіні қаупі бар аймақтарға барудан бас тарту.
• Ауа райының өзгерістерін қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтау.

Қар көшкіні қаупі жоғары кезеңде тауға шығуды кейінге қалдыру немесе қауіпсіз бағыттарды таңдау арқылы өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз.