🔹ІЛЕ АЛАТАУЫНДА МАРАЛ ФОТОТҰЗАҚҚА ТҮСТІ
🦌Іле Алатауы МҰТП аумағында жабайы жануарларға мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Кезекті бақылау кезінде фототұзаққа табиғи ортада жүрген марал түсірілді.
♻️Жаз мезгілінде қалың шөп пен ағаш-бұта жамылғысы жануарларды тікелей бақылауды қиындатады. Сондықтан фототұзақтар жануарлар жиі келетін тұзды сортаң учаскелеріне орнатылады.
🏔️Бұл орындарда филиал аңтанушылар мен мемлекеттік инспекторлар биотехниялық іс-шаралар жүргізіп, минералды тұз орналастырады.
📍Мұндай бейнекадрлар жануарлардың қозғалысын, мекендеу аймағын және табиғи ортадағы жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді.