Іле Алатауы ұлттық паркінде орманды қалпына келтіру және жас көшеттерді күтіп-баптау жұмыстары жалғасуда.
Ақсай филиалында 2023–2024 жылдары отырғызылған орман екпелеріне кезекті күтім жұмыстары жүргізілуде. Көшеттер отырғызылған аумақтың жалпы көлемі — 6 гектар.
Жас көшеттер алдымен тұқымбақта өсіріліп, белгіленген жасқа жеткеннен кейін арнайы дайындалған орман алқаптарына отырғызылады. Кәдімгі өрік көшеті 1 жылда, Сиверс алмасы 2 жылда, ал шырша көшеті 4 жылда отырғызуға қажетті стандартты жасқа жетеді.
Көшетті отырғызумен жұмыс аяқталмайды. Оның жерсініп, қалыпты өсуі үшін тұрақты күтім қажет. Жапырақты ағаштарға күтім 3 жылға дейін, ал шырша екпелеріне 5 жылға дейін жүргізіледі.
Осындай жүйелі жұмыстар болашақ орманның қалыптасуына негіз болады.