Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде халықаралық оқу-жаттығу тренингі аясында таулы және күрделі рельеф жағдайында орман өрттерін сөндіруге арналған практикалық сабақтар өткізілді.
Жаттығу барысында қатысушылар өрт ошағына жедел жету, жағдайды бағалау, күштер мен құралдарды тиімді орналастыру, өрттің таралу бағытын анықтау және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдерін тәжірибе жүзінде пысықтады.
Франция мен Корея Республикасының сарапшылары таулы аумақта өртке қарсы іс-қимыл жүргізудің халықаралық тәжірибесін көрсетіп, заманауи тактикалық әдістер мен арнайы жабдықтарды қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық жаттығуға Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Франция және Корея Республикасының мамандары қатысты.
Мұндай практикалық дайындық орман өрттеріне жедел әрі үйлесімді ден қою дағдыларын жетілдіруге, мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға және халықаралық тәжірибе алмасуды нығайтуға мүмкіндік береді.