🔹Қазіргі уақытта елімізде мемлекетімізді одан әрі нығайтуға, демократиялық жүйені дамытуға және қоғам құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған конституциялық реформаны жан-жақты қоғамдық талқылау жүзеге асырылуда.
📌Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Іле Алатауы мемлекеттік табиғи ұлттық паркі кеңсесінде конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен оның маңыздылығын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Жаңа негізгі заңның басым бағыттарының қатарына: білім мен ғылымды, мәдениет пен инновацияларды дамыту, әділеттілік, заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіп қағидаттарын нығайту, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру енгізілген.
🔹Кездесу қорытындысы бойынша қорық қызметкерлері жүзеге асырылып жатқан бастамаларды қолдайтындарын білдіріп, елдің тұрақты дамуына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған құндылықтық бағдарларды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.