Кімасар шатқалында 1 500 Шренк шыршасының көшеті отырғызылды!

Кімасар шатқалында 1 500 Шренк шыршасының көшеті отырғызылды!
Алматы тау кластері аясында Кімасар шатқалында таулы аумақтарды көгалдандыруға және табиғи мұраны сақтауға бағытталған экологиялық акция өтті.
Акция барысында Іле Алатауының табиғи экожүйесіне тән қылқан жапырақты ағаш түрі – 1 500 Шренк шыршасының көшеті отырғызылды.
Экологиялық акцияға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов, Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері, студенттер, эко-белсенділер, спортшылар және қала тұрғындары қатысты. Жалпы акцияға 500-ге жуық адам қатысты.
🌱 Айта кетейік, ағымдағы жылдың қазан айында Алматының таулы аумақтарында барлығы 4 000-ға жуық қылқан жапырақты ағаш отырғызылды:
Көк-Жайлау аумағында – 2 000 Шренк шыршасы;
«Шымбұлақ» тау курорты аумағында – 500-ден астам Тянь-Шань шыршасы;
Кімасар шатқалында – 1 500 Шренк шыршасы.
🌿 Бұл бастамалар таулы аумақтардың табиғи ландшафтын сақтауға, орман экожүйесін қалпына келтіруге және биоалуантүрлілікті қорғауға бағытталған.
Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Бүгін отырғызылған әрбір көшет – келер ұрпаққа қалдырар табиғи мұрамыз! 🌲