Кімасар шатқалында тазалық акциясы өтті

“Парктер шеруі”экологиялық табиғат қорғау акциясы аясында, Педагогикалық Шеберлік Академиясы, Оқырмандар клубы, Шуақ қоғамдық қорындағы ерікті жастар Іле- Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туризм инженерлерімен бірлесіп, Медеу филиалы, Қимасар шатқалында тазалық акциясын өткізді. Студенттер Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Қыздар Ұлттық Педагогикалық Университеті, Алматы Технологиялық Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен жиналып табиғат тазалығына ат салысты.