Кіші Алматы өзені алабында орналасқан Богданович мұздығы мен «Шымбұлақ» курорттық аймағында қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейде сақталуына байланысты «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі белгіленген шектеулерді сақтау қажеттілігі туралы хабарлайды.

Богданович мұздығы ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады және экологиялық тұрақтандыру аймағында орналасқан, мұнда қорықтық қорғау режимі қолданылады. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 45-бабына сәйкес аталған аумақта реттелетін экологиялық туризмді қоспағанда, шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салынады.

Метеорологиялық жағдайларды, қар жамылғысының қалыңдығын және көшкін қаупі бар учаскелердің болуын ескере отырып, көрсетілген аймақтарда азаматтар мен туристердің болуы олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңнама талаптарын сақтау мақсатында «Іле-Алатау» МҰТП төмендегілерді қажет деп санайды:

1.қар көшкіні қаупі бар учаскелерге баруды шектеу;

2.рұқсат етілмеген маршруттарға шығуға тыйым салу;

3.қорықтық аймақ режимінің сақталуын қамтамасыз ету.

Аталған шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.