Көгалдандыру жұмыстарына кірістік

Көктем мезгілінде Жер-Ананың босаңсыған сәтін асыға күтетін адамзат баласы айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, түрлі ағаштардың көшеттерін отырғызады. Көгалдандыру жұмыстарына кіріседі.
Іле-Алатауы МҰТП нің қызметкерлері де орталық мекеме ауласына осындай игі істі қолға алып, көгалдандыру жұмыстарына кірісті.
Ауланы жасыл желеңге айналдыру мақсатында ағаштар мен алуан түрлі гүлдер отырғызылды. Әрбір көшетті күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп, мамандар табиғатты аялауға атсалысты.