Көктем гүлі Өгейшөп

Көктемнің алғашқы нұр шашқан шуақты күн нұрымен оянатын гүлдерінің бірі, астралылар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік – өгейшөп. Оның биіктігі 20 – 100 см. Сабағы өрлеп өседі. Жапырақтары ірі, қабыршақ тәрізді, қоңыр-күрең түсті, сабаққа кезектесіп орналасады. Сарғылт түсті гүлі қос жынысты, жеке-жеке сабақтың ұшында жетіледі, жапырағынан бұрын пайда болады. Өгейшөп емдік мақсатта медицинада кеңінен қолданылады. Атап айтсақ – тыныс жолдарының ауруларын емдеуде, сонымен қатар тері мен шаш күтімі үшін косметологияда, ауыз қуысының қабынуын емдеу үшін стоматологияда, сондай-ақ гинекологияда және басқа да ауруларды емдеуде қолданылады.
Өгейшөпті, Іле-Алатау парк аумағының барлық жерлерінен кездестіре аласыз.