Конференция

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орталық мекемесінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Тұрғамбаев, Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министірінің кеңесшісі С.Қалқаманов, Зоология институтының мамандарының, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының мамандарының, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ мамандарының, А.Байтұрсынов атындағы тілбілімі институтының мамандарының, ҚБСА мамандарының қатысуымен Қазақстандағы Пржевальский жылқысының тарихи атауы мәселесі бойынша конференция өтті. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басшылығы мен отандық ғалымдардың, жабайы жылқының байырғы керқұлан, кертағы атауларын қайтару бойынша нақты шешім қабылданды. Байырғы қазақи керқұлан, кертағы атаулары ұсынылды. ‎