Координациялық кеңестің бірлескен отырысы өтті
Аюсай визит-орталығында «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Координациялық кеңесі мен Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.
Кеңес отырысын Тайжан М. және Хасенов М. ашып, қатысушыларды қарсы алды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Ерлан Нұрғанатұлы Құтпанбаев қатысып, маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдірді.
Кездесу барысында ұлттық парктің өзекті мәселелері мен даму бағыттары талқыланды:
– Қоқыс және санитарлық жағдай мәселелері, оларды шешу жолдары
(Марина Яцун, ОО «Эко Жүрек»)
– Тарифтердің өзектілігі және Үлкен Алматыны дамыту мәселесі
(Тілек Аділжанов, Координациялық кеңес мүшесі)
– Паркті баламалы қаржыландыру тәсілдері
(Юрий Шнейдмюллер, Координациялық кеңес мүшесі)
– Қазақстан ұлттық парктерінде тұрақты туризмді дамыту жолдары
(Максим Гандрабура, Фонд поддержки Национальных Парков Казахстана)
Әр баяндамадан кейін сұрақтар қойылып, ұсыныстар талқыланды.
Отырысты «Іле Алатауы МҰТП» РММ бас директоры Елнұр Мұхамеджанұлы қорытынды сөзбен аяқтады.