«Мау бас жапалақ» іс-шарасы өтті

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық-ағарту және туризм бөлімі, ғылыми зерттеу бөлімдерінің мамандарымен 176 мектеп гимназиясымен бірлескен “Парктер шеруі” экологиялық табиғат қорғау акциясы, жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің он күндігі аясында керемет іс-шара өтті.
Дәрістің тақырыбы: «Жыл құстарын қорғау,Маубас жапалақ», биыл Қазақстан республикасында жыл құсы Маубас жапалақ. Оқушыларды Маубас жапалағының ерекшелігімен таныстырып,қызықты оқиғаларын,қорғау іс-шаралары баяндалды.
Бұл іс- шараның негізгі мақсаты: балаларды табиғатқа қамқорлық жасауға, қорғауға шақыру. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін балаларға кеңінен толық ұғындыру. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге,қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту.
Оқушыларға дайындаған слайд пен беинефильмдер көрсетіліп дәріс оқылды.
Ұзтаздар мен оқушылар алдын ала «Табиғатты аялайық, қорғайық» атты балалар қолдарымен жасаған дүниелері мен салған суреттер топтамасын көрме етіп қойды. Сонымен қатар кейбір балалар үкінің де суреттерін салып әкелген.
Осындай іс-шараларды өткізу негізінде балалар туған жерінің табиғатын қорғауға, таза ұстауға өз үлестерін қосады деген ойдамыз.