Myosotis asiatica

Іле Алатауының субальпі, альпі белдеуінде, теңіз деңгейінен 3200-3340 м биікте өсетін сирек әрі Қызыл кітапқа енген түр. Өсетін ортасы — қиыршық тасты беткейлер, мореналар, биік тау шалғындары. Жоғары температура мен қатты желге төтеп бере алатын бұл өсімдік түрі кеңінен зерттелмегенімен, экожүйеде маңызды рөл атқарады. Гүлдері өсімдіктердің көбеюіне және аймақтың жалпы биоалуандығына
көмектесетін аралар мен көбелектер сияқты әртүрлі тозаң тарататын бунақденелерді өзіне тартады. Іле Алатауының аумағында өсімдіктің популяциясымен бірге қауымдастық құрайтын түрлер белгілі болды. Олар: Myosotis asiatica (Vestergr.) Schischk. & Serg., Dichodon cerastoides (L.) Rchb., Leontopodium fedtschenkoanumBeauverd., Phlomoides oreophila (Kar. & Kir.) Adylov, Kamelin &
Makhm., Angelica brevicaulis (Rupr.) B. Fedtsch., Dracocephalum stamineum Kar. & Kir., Ligularia narynensis (C. Winkl.) O. Fedtsch. & B. Fedtsch., Allium carolinianum DC., Pedicularisoederi M. Vahl., Polemonium caeruleum L., Bistorta elliptica
(Willd. ex Spreng.) Kom. т.б. Қазіргі таңда нар тауқалуенін сақтауға, оның экологиядағы маңызына қатысты шаралар мен тіршілігіне төнетін қауіптер жайлы зерттеулер жеткіліксіз. Алдағы уақытта өсімдіктің шектеулі таралу аймағын ескере отырып, оның тіршілік ету ортасын жойылудан және инвазиялық түрлерден қорғау маңызды.

Жазба авторы: кіші ғылыми қызметкер Тұрсымбай К.С.