“Өз ағашыңды ек”

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Медеу филиалына қарасты көркем “Кімасар” шатқалында “Парктер шеруі – 2025” және “Таза Қазақстан” табиғат қорғау акциялары аясында ауқымды “Өз ағашыңды ек” экологиялық шарасы өтті.

Іс-шараға табиғатқа жанашыр 250-ден астам еріктілер, мектеп оқушылары, мемлекеттік мекемелер мен ұйым өкілдері, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары қатысты. Олар шатқал бойына 150 түп жасыл желек – қарағай, көшеттерін отырғызды.
Бұл – табиғатты аялауға бағытталған нақты іс, болашаққа жасалған жасыл қадам. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, орман қорын толықтыру және болашақ ұрпаққа таза орта қалдыру – осы шараның басты мақсаты болды.
Бір тал кессең – он тал ек!
Табиғатқа жанашырлық – өзіңе деген қамқорлық.

Табиғатты бірге сақтайық, бірге көркейтейік!