Орман билеті

«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ азаматтардың саңырауқұлақтарды, жидектерді, жабайы жидектерді жинау үшін e-license арқылы орман билетін алу процесін түсіндіру туралы көптеген өтініштеріне мыналарды түсіндіреді:

Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларына сәйкес орман билетінде дайындау шекаралары (орманшылық, шатқал, орам, телім) көрсетіледі. Бұл деректерді орман пайдаланушылар ұлттық парктің филиалдарына барған кезде ала алады, онда орман шаруашылығы инженерлері сіздің сұрауларыңыз бойынша саңырауқұлақтар, жидектер, жемістер мен шөптерді дайындау орындарын (орманшылық, шатқал, орам, телім) анықтайды. Бұл ретте жинау орман билетінде белгіленген мерзімде және орман өсімдіктері мен саңырауқұлақтарға зиян келтірмейтін тәсілдермен қатаң түрде жүргізіледі.

Орман билетінің қолданылу мерзімін әр түрлі өсімдіктер үшін, орман иеленуші өсімдіктерді уақтылы қалпына келтіруді және олардың қорларын молықтыруды қамтамасыз ететін көлемдерге сүйене отырып айқындайды.

Төлем мына деректемелер бойынша жүргізіледі: Орманды пайдаланғаны үшін төлем КБК 105304 КНП 911.

Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 наурыздағы №35-189 «Алматы облысының МОҚ учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес: 1) шайыр дайындауға, 2) қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға, 3) жанама орман пайдаланғаны үшін, 4) аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін; 5) ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін, 6) рекреациялық-туристік мақсаттар үшін, 7) ағаш, бұта тұқымдарының отырғызу материалын өсіру үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілді.

Мысалы, 2025 жылға 1 кг саңырауқұлақ жинау 287,036 теңге (0,073 АЕК) сомасында анықталды. Кейінгі жылдары бұл сома АЕК өзгеруіне байланысты өзгертілетін болады.

Іле-Алатау МҰТП филиалдарының байланыс деректері:

Ақсай филиалы-8-727-2970760.

Медеу филиалы-8-727-2716368; 8-727-2718140.

Талғар филиалы-8-727-3882805.

Түрген филиалы-8-72775-33011; 8-72775-32224