Орман екпелерін отырғызу

Іле-Алатауы МҰТП аумағында қазіргі уақытта көктемгі екпе ағаштар отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Парк аумағында негізінен Шренка шыршасының, сиверс алмасының және өрік көшеттері отырғызылады. Бүгінгі күнге дейін жоспардағы 47,0 га аумақтың 38,0 гектары орындалды. Екпе ағаш отырғызу жұмыстарын 20-шы мамырға дейін аяқтау көзделіп отыр.