«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк» РММ-сі Талғар және Түрген филиалдары аумағында орман ағаштарын зиянкестер мен аурулардан әуеден дәрілеу жұмыстары жүргізілуде. Дәрілеу жұмыстары 2025 жылдың 02-15 мамыр аралығында жүргізілетіні туралы мемлекеттік орман қоры жерлерімен шекаралас жатқан ауылдық округ әкімдеріне хабарлама хаттар жіберілді. Сонымен қатар, жекелеген орман пайдаланушыларға ескертпе хабарламалар таратылды.
Авиациялық дәрілеу барысында техникалық қауіпсіздік ережелері мен дәрілеу препаратын дайындау талаптары қатаң сақталуда.