Орман өрттерінің алдын алу мақсатында уақытша шектеулер енгізілді
Құрметті Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің келушілері!
Өрт қауіптілігінің V — ең жоғары класының жариялануына байланысты ұлттық парк аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Өрт қаупі сақталған кезеңде:
* арнайы белгіленген демалыс орындарында;
* ұзақ және қысқа мерзімді жер пайдаланушылардың аумақтарында от жағуға және тамақ дайындауға қатаң тыйым салынады;
* парк аумағындағы патрульдеу жұмыстары мен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылау күшейтіледі.
Бұл шектеулер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, орман өрттерінің алдын алуға және ұлттық парктің табиғи байлығын сақтауға бағытталған.
Келушілерден енгізілген талаптарға түсіністікпен қарап, парк қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.
Табиғатты өрттен қорғау — баршамызға ортақ міндет!
