16.04.2025 жылы “Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны” РМҚК кеңсесінде Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өтетін бірінші орман орналастыру кеңесінің хаттамасын талқылау жиыны өтті.
Жиынды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Е.Н.Құтпанбаев ашты.
Жиынға “Қазақ орман орналастыру кәсіпорыны” мен Іле-Алатауы МҰТП қызметкерлерінен басқа мүдделі тараптар өкілдері де қатысып, ұлттық парк аумағындағы бөгде жер пайдаланушылардың мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша “Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк”-нің орман орналастыру жұмыстарына дайындығы мен далалық жұмыстардың жүргізілу ерекшеліктері қарастырылды.