Орман қорғаушыларға құрмет.

Орман қорғаушыларға құрмет.
Еңбекшіқазақ ауданының “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында арнайы іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – еңбек адамын дәріптеу, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін арттыру және жастарды табиғатты аялауға баулу.
Іс-шараға әртүрлі сала өкілдері қатысты. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
Ұлттық парк қызметкерлері – Құмарбеков Қайсар Жүнісбекұлы, Жылқайдар Қуат Кәденұлы, Әлімов Асубек Елубаевич орманды қорғау, оны сақтау және күтіп-баптаудағы еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды.