Орман қорын молықтыру

«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» аумағында орман қоры жерлерін жас көшеттермен молықтыру және өткен жылдардағы екпе көшеттерге толықтыру жұмыстарын жасау басталып жатыр. Аталған жұмыстар сәуір айында қарлары еріген жер телімдерінен басталып, мамыр айының аяғына дейін жалғасады.

Қазіргі таңда Ақсай және Талғар филиалдарында 6,2 га жер көлеміне 11625 дана Сиверс алмасы көшеттері отырғызылды.

Екпе көшеттерге толықтыру жұмыстарын жасау бойынша 5,5 га жер  көлемі, 2925 дана Сиверс алмасымен, Медеу филиалында 2,5 га жер аумағы 3400 дана Шренк шырша көшеттерімен толықтырылды.

Сонымен қатар ұлттық парктің барлық филиалдарындағы тұқымбақтарда тікпе көшеттеріне жер дайындау жұмыстары жүргізілуде.