🔹Орманшылар спартакиадасы – 2025
📌Ұжымның ынтымақтастығын арттыру және әріптестік байланысты нығайту мақсатында Орманшылар күніне орай Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Спартакиада – 2025 өтті.
Бұл шараға парктің барлық филиалдары – Ақсай, Медеу, Талғар, Түрген және Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалынан келген командалар белсенді қатысты.
⚽️ Жарыс бағдарламасы арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру, волейбол сынды спорт түрлерінен тұрып, қатысушылар өзара мықтылықтарын сынға салды.
🤝 Әр жарыс тартысты өтіп, командалар ұйымшылдық, қолдау мен мықты командалық рух көрсете білді.
🏆 Іс-шара соңында жеңімпаздар мен үздік спортшылар түрлі аталымдар бойынша марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.