“Парктер шеруі – 2025”

–“Парктер шеруі – 2025” халықаралық акциясы аясында маңызды кездесу өтті!
Іле-Алатауы МҰТП Ақсай және Медеу филиалдары бірлесіп, №143 Сүйінбай атындағы мектепте эко-білім беру іс-шарасын өткізді.
Іс-шара тақырыбы:
— Таудағы өрт қауіпсіздігі
— Экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыру
Парк қызметкерлері мектеп оқушыларына: Орман саласындағы қызығы мен қиыншылығын, орманшы мамандығының маңыздылығын, тауда өрт бола қалған жағдайда бірінші атқарылатын әрекеттерді, алғашқы көмек көрсету жолдарын, қауіпсіздік техникасын түсіндірді.
Мақсатымыз — жас ұрпаққа табиғатты сүюді, қорғауды және қауіпсіз әрекет етуді үйрету!