«Парктер шеруі – 2025»

«Парктер шеруі – 2025» халықаралық табиғат қорғау акциясының салтанатты жабылу іс-шарасы өтті!

Биыл елімізде табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның ішінде жыл сайын дәстүрге айналған «Парктер шеруі» халықаралық табиғат қорғау акциясы 29-рет ұйымдастырылды.

Бұл жылы «Парктер шеруі» мен «Таза Қазақстан» науқандары біріктіріліп, табиғатты қорғауға бағытталған жаңа деңгейдегі бірлескен бастамаға айналды.

Жыл басынан бері:
241 экологиялық іс-шара өткізілді;
8 200 дана ағаш тұқымы себілді;
4 900 көшет отырғызылды;
828 құс ұясы орнатылды;
10 тонна қоқыс жиналып, арнайы полигондарға шығарылды;
136 сенбілік, 49 экодәріс, 56 ағаш отырғызу акциясы, түрлі көрмелер мен экофлешмобтар өткізілді.

5 маусым – Қоршаған ортаны қорғау күніне орай, Аюсай визит-орталығында қорытынды іс-шара кең ауқымда ұйымдастырылды.

Қатысушылар:
Ұлттық парк қызметкерлері, мектеп орманшылықтары (№188, 192, 200, 174, 176, 186, 187, 147, 26, 134, 59, 105, 42, “Дарын” мектебі), Оқушылар сарайы, “Ауыл” партиясы, Аманат партиясы, “Жасыл ел” жасағы, ҚазҰУ, ҚазҰАУ, ҚазҰПУ, ЕТУ, АТУ, Шәкәрім университеті, Қонаев университеті, Қазақ-Қытай және Агробизнес колледждері, “Шапағат нұры”, “Демеу”, “Алатау” әлеуметтік орталықтары, блогерлер және еріктілер тобы.

Концерттік бағдарламада эстрада жұлдыздары Жігер тобы мен Алау тобының солисі өнер көрсетті.
Оркестр мен бишілер тобыда атсалысты.
Іс-шараны республикалық телеарналар мен БАҚ кеңінен көрсетті.

Қауіпсіздік шаралары толық сақталды:
– Жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етті;
– Жол полициясы оқушыларды алып жүруді қамтамасыз етті.

Бұл акция – табиғатты аялауға бағытталған көпжылдық дәстүр мен жастар белсенділігінің нақты жемісі.

Біз табиғатты бірге қорғаймыз!