Табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық білімді арттыру, жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейту және Іле-Алатау ұлттық паркінің табиғи байлығын насихаттау мақсатында,
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен, Жалпы білім беру ПЦК-ның жаратылыстану апталығы және “Парктер шеруі – 2026” табиғат қорғау акциясы аясында кездесу, дәріс сабақ өтті.
Кездесу барысында қатысушылар ұлттық парктің әсем табиғаты мен биік шыңдарын ән, би және көріністер арқылы әсерлі түрде көрсетті. Сонымен қатар, студенттер парк мамандарына сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп, еркін пікір алмасты.
Іс-шара ерекше әсерге толы болып, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырған маңызды кездесу болды.