Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері мен «Helios» компаниясының қызметкерлері «Парктер шеруі – Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысты.
Акция барысында Түрген шатқалы аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды. Қатысушылар табиғатты қорғауға өз үлестерін қосып, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын көрсетті.
Мұндай игі бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді. Табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті. Болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғауға бәріміз бірге атсалысайық!