Қарлы шың етегін көктемнің алғашқы лебі шарпып, бәйшешек бүр жарып жатыр.

Қарлы шың етегін көктемнің алғашқы лебі шарпып, бәйшешек бүр жарып жатыр. Оның ақжелең гүлдері күнге қарай мойын созып, көктемді сүйіншілеп жатқандай. Жан-жағында қыстан қалған һемикриптофиттер де тіршіліктің жаңа тынысын сезуде.
Алатау бәйшешегі (Crocus alatavicus) — пиязшық арқылы көбейетін көпжылдық эфемероид өсімдік.
Оның тіршілік формасын, К. Раункиер жіктеліміне сәйкес, криптофиттерге жатқызамыз.
Криптофиттер (Cr) дегеніміз — бүршіктері топырақ не су астында жататын өсімдіктер, бұларды геофит және гидрофит деп атаймыз. Бәйшешек геофит тип тармағына жатады. Себебі оның тіршілік жалғастыратын мүшесі — пиязшығы топырақ астында жатады.
Алатау бәйшешегі көктемде ерте гүлдеп алады да, жерүсті бөлігі жаз шыққанға дейін түгел қурап кетеді. Жерасты мүшесі — пиязшығы ғана барлық мезгілде топырақ астында тіршілік ете береді. Оның мұндай ерекше тіршілік формасы өсімдікті кеуіп немесе үсіп кетуден сақтайды.