Қаскелең шатқалында орман өрті тіркелді
2026 жылғы 28 қазанда Ақсай филиалының Қаскелең орманшылығы аумағында орман өрті тіркелді.
🔥 Өрт ұлттық парк аумағында орнатылған орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы сағат 13:14-те анықталды.
Таулы жер бедері мен техниканың жетуі қиын болуына байланысты өрт сөндіру жұмыстары сағат 14:00-де басталды.
Жеке меншік жер учаскесінен мемлекеттік орман қоры аумағына таралған өртті сөндіруге 43 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.
☑️ Өрт 28 қазанда сағат 16:50-де оқшауланды.
Өртті ерте анықтау жүйесінің жедел хабарлауы мен тиісті қызметтердің үйлесімді әрекеті өртті уақтылы оқшаулауға мүмкіндік берді.