Қазақ орман орналастыру кәсіпорны РМҚК-де Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Е. Құтпанбаевтың төрағалығымен жиналыс өтті

Қазақ орман орналастыру кәсіпорны РМҚК-де Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Е. Құтпанбаевтың төрағалығымен жиналыс өтті.

📌Кездесуде биыл Іле Алатауы ұлттық паркінде жүргізілген орман орналастыру жұмыстарының қорытындылары қаралды. Сонымен қатар бөгде жер пайдаланушылардың жер телімдерін мемлекеттік орман қорынан шығару мәселесі талқыланды.

Ұлттық парк аумағындағы жерлердің заңды әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі.