Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің қатысуымен көшпелі кеңес

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Саинұлы Құрмалаевтың қатысуымен көшпелі кеңес өтті. Жиында бақылау-өткізу бекеттерін автоматтандыру, жаңғырту және цифрландыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, интернетті толыққанды ету, бейнебақылау және өрт қаупі жоғары аумақтардағы байланыс мұнаралары туралы талқыланды. Кеңеске «Қазақтелеком», Freedom Telecom, Алматы облысының аумақтық инспекциясы және ұлттық парктің қызметкерлері қатысты.