Құрметті демалушылар мен табиғат жанашырлары!
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында толассыз жауын-шашын салдарынан өзендердегі су деңгейі көтерілді.
Осыған байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз:
* өзен жағалауларына тым жақын бармаңыз;
* су арналарын кесіп өтпеңіз;
* балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
* белгіленген қауіпсіздік талаптары мен ережелерді сақтаңыз.
Ұлттық парк аумағында болған кезде өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймыз.
Қауіпсіздік — басты назарда!