Ұлттық парк аумағында қалың қар жаууы және көктайғақ күтілуде. Осыған байланысты сіздерден сақтық шараларын қатаң сақтауды сұраймыз:
• Тау соқпақтарында абай болыңыз, сырғанау қаупі жоғары.
• Арнайы қысқы жабдықтарсыз (таяқтар, шынжырлы аяқ киім) тауға шығудан аулақ болыңыз.
• Қар көшкіні қаупі бар аймақтарға кірмеуге кеңес береміз.
• Ауа райының өзгерістерін қадағалап, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.
Өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін барлық ережелерді ұстануды сұраймыз!